Танымал бокс жаттықтырушысы өмірден өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Қызылорда облыстық бокс спортының дамуына үлкен үлес қосты

Танымал жаттықтырушы әрі СССР спорт шебері Аманбек Досмаилов өмірден өтті деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап Vesti.kz

Оны қызылордалық бокстың патриархы деп атап кеткен. Осы өңірден шыққан тәжірибелі жаттықтырушылар Досмаиловтің шәкірттері болған. Өлім себебі анықталмаған.

«Қазақстан бокс федерациясы және Қызылорда облыстық бокс федерациясы Аманбек Досмаиловтің отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Бұл біздің спорт үшін орны толмас жоғалту» делінген хабарламада.