Күн жылынады: Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы 15 градусқа дейін жылы болады

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, ең ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне жылы әрі құрғақ ауа райын әкеледі. Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі және бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.

«Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен оңтүстігінде +3…+15°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде -2°С-тан +5°С-қа дейін болады», – делінген синоптиктердің болжамында.