Ресейден қашып келген: халықаралық іздеуде болған ер адам Аршалыда қолға түсті

Автор: Асыл Арман

Ол мас күйінде рульге отырып, жол-көлік оқиғасына себеп болған

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысы аумағында полицейлер халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, Аршалы ауданының аумағында Қазақстан азаматы анықталып, ұсталған. Оны 2024 жылдың қазан айынан бері Ресейнің құқық қорғау органдары іздестіріп келген.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2024 жылы ер адам Ресей Федерациясының аумағында жол-көлік оқиғасына себеп болған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол көлікті мас күйінде басқарған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелген. Алайда күдікті бой тасалап, Қазақстан аумағына қайтып келген. Кейін Свердлов облысы бойынша Ресей ІІМ Бас басқармасы оны іздеуге жариялаған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.