Ақтауда жол бойында тұрған жеңіл көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқыс оқиға 12 наурыз күні сағат 12:24-те болды

Фото: Lada.kz

Ақтау қаласында көшеде тұрған автокөлік өртеніп кетті. Оқиға 40-шағын ауданда, BS Arena спорт кешені маңында болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

12 наурыз күні сағат 12:24-те кезекші пультіне автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Жол бойында тұрған LADA 2115 маркалы автокөлік қызыл жалынға оранды. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен техникасы жіберілді. Өртті сөндіруге 10 қызметкер жұмылдырылған.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнына жеткен кезде көлік толықтай отқа оранған. Өртті сөндіруге «Б» оқпаны қолданылған. Сағат 12:36-да өрт толықтай сөндірілді.