Қазақстан Ұлттық банкі 12 наурызға белгілеген доллардың ресми бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,68 теңгені құрап, 2,06 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкі 12 наурызға белгілеген доллардың ресми бағамы – 489,39 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 491,02 теңге болса, сату бағамы – 493,18 теңге.
Ал Астана қаласындағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 488 теңгеден сатып алып, 495 теңгеден сатып жатыр.
Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 490,57 теңгені, ал сату бағамы 492,59 теңгені құрайды.