Алматыдағы барахолкада қойма өртеніп кетті

Автор: Асыл Арман

Өрттің алаңы 200 шаршы метрге жетті

Фото: ҚР ТЖМ

Алматы қаласындағы барахолка аумағында орналасқан қойма өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Алатау ауданының Шапағат шағын ауданындағы Шоссейная көшесінде болды. Өрт сөндірушілер келгенде ашық от шарпығаны көрінді.

«Төтенше жағдай қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында кәсіпкерлердің мүліктерінің айтарлықтай бөлігі сақталды», – делінген хабарламада.

Өрт шамамен жарты сағатта толық сөндірілді. Өрт шыққан алаң шамамен 200 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ.