Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс аймағынан 9517 қазақстандық елге қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатардан және Сауд Арабиясы Корольдігінен азаматтарды эвакуациялау жұмысы жүріп жатыр.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шараларды аяқтауда.
«Өңірдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста және қажетті қолдау көрсетіп жатыр», – делінген ҚР СІМ хабарламасында.