Қарағандыда есірткі тұтынған жүргізуші ұсталды
Қарағанды қаласының орталығында патрульдік полиция 27 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Тексеру кезінде оның бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат толтыру барысында жүргізушінің әрекеттері оғаш көрінген: басында тым селқос болып, кейіннен кенеттен шамадан тыс белсенділік танытқан.
Медициналық тексеріс жүргізушінің ағзасынан «мефедрон», «тропикамид» және «A-PVP» сияқты қауіпті психотроптық заттарды анықтады.
«Барлық материал сотқа жолданды. Заңды өрескел бұзып, өзгелердің өміріне қауіп төндіргені үшін тиісті шешім қабылданады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.