Аяздың беті қайтады: Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн жылынатын болды

Автор: Асыл Арман

Ал оңтүстік өңірлерде +5…+10°С болады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, күнтізбеде көктем болғанына қарамастан, қыстың суығы басылар емес. Әсіресе қыс ызғары солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындарына қатты сезілді – қар мен бораннан кейін бұл аймақтарда ауа температурасы күрт төмендеп, суық антициклонның ықпалында қалды. Дегенмен көктем де өз әсерін көрсете бастады.

«12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп жылынады деп күтіліп отыр: солтүстік өңірлерде температура ақырындап өзгерсе, оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағаны +5…+10°С көрсетеді», – делінген синоптиктердің болжамында.