10.03.2026, 21:10
Жаңалықтар
Ертең Астанада оқушылар мен студенттер онлайн оқуға көшірілді
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты елордада бірінші ауысымдағы білім алушылар қашықтан оқиды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 наурыз күні ауа райының күрт нашарлауына байланысты оқу процесіне уақытша өзгеріс енгізілген.
Елордада желдің күшеюі мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бірінші ауысымдағы 0–11 (12) сынып оқушылары онлайн форматта білім алады. Сонымен қатар 9 сынып базасында оқитын колледждердің 1–2 курс студенттері де қашықтан оқытуға көшірілді.
Көп оқылған
09.03.2026, 07:19
Боран, көктайғақ: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
09.03.2026, 12:46
Щучинскідегі жарылыс: қаза тапқандар саны артты
10.03.2026, 17:35
Астанада «Бәйтеректің» маңында дәрет сындырған шетелдіктер Қазақстанға 5 жылға дейін кіре алмайтын болды
09.03.2026, 17:47
Испанияда Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері киіз үй тікті