$ 491.59  572.16  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Футбол кезіндегі төбелес: Шымкентте «Ордабасының» капитаны қамалып, қылмыстық іс қозғалды

Оқиғаға қатысқан барлық адам полицияға жеткізілген

Футбол кезіндегі төбелес: Шымкентте «Ордабасының» капитаны қамалып, қылмыстық іс қозғалды
Фото: видеодан скриншот

Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар клубтарының арасындағы жолдастық футбол матчы кезінде екі команданың қатысушылары арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан қатысушылардың бірі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұзақылық жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді.Тексеру барысында жанжалдың басталуына «Ордабасы» командасының капитаны себепкер болғаны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қатысушылардың әрекеттеріне заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Еске салсақ, Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар клубтарының арасында жолдастық кездесу өткен. Ойын кезінде жас футболшылар арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.

 «Ақтөбе» футбол клубы осы төбелес кезінде екі ойыншысы жараланғанын мәлімдеп, зорлық-зомбылықты айыптаған.