$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар, боран, тұман: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сейсенбіде елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғуы ықтимал

Қар, боран, тұман: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 10 наурызда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 облысында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Астанада кей уақыттарда қар жауып, боран соғады, тұман түседі деп күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей кезде 23 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысында қар жауып, боран соғады. Түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман болуы мүмкін. Түнде батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, ал оңтүстік пен шығыста 23–28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Көкшетауда таңертең және күндіз қар жауып, боран болады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с.

Алматыда күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Кей кездері тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз жалпы өңірде көктайғақ болады. Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда кейде тұман түседі. Қонаевта да кей кезде тұман күтіледі. Желдің екпіні кей уақытта 15–20 м/с. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөлігінде) күндіз кей кезде қатты жауын-шашын, негізінен қар жауады. Көктайғақ болып, тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей кезде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ пен жаяу борасын болуы мүмкін. Батыс, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей кезде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Шымкентте жауын-шашын болып, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Көктайғақ, жаяу борасын және тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Түркістан қаласында да кей кезде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, жаяу борасын және тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Жетісу облысының батысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман мен көктайғақ болады. Облыстың шығысында, солтүстігінде және таулы аймақтарында желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз Алакөл маңында 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Талдықорғанда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысында түнде оңтүстікте және таулы аудандарда, күндіз таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, таулы жерлерде жаяу борасын болады. Оңтүстікте және таулы аудандарда тұман мен көктайғақ болуы ықтимал. Таразда кей кезде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысында қар жауып, жаяу борасын болады, күндіз облыстың солтүстігінде қалың қар күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Түнде желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, батыс, оңтүстік және шығыс аудандарда 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодарда қар жауып, жаяу борасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында боран күтіледі. Солтүстік және оңтүстік аудандарда тұман түседі. Желдің екпіні күндіз 15–20 м/с. Семейде де жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Күндіз боран соғып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде түнде және таңертең қар жауып, боран соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Шығыс және оңтүстік аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде қар жауып, жаяу борасын мен көктайғақ болады. Солтүстігінде жеңіл қар жауып, жаяу борасын соғады. Күндіз қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман түседі. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с. Қарағанды қаласында түнде жеңіл қар жауып, жаяу борасын және көктайғақ болады, күндіз қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей кезде 23–28 м/с.

Ұлытау облысында түнде қар жауып, жаяу борасын мен көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауып, боран мен көктайғақ болады. Шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с. Жезқазғанда түнде қар жауып, жаяу борасын мен көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей кезде 23–28 м/с.

Атырау облысында түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с болады. Атырау қаласында түнде желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең көктайғақ пен тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз қар жауып, жаяу борасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Орал қаласында күндіз қар жауып, жаяу борасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде қар жауып, жаяу борасын соғады. Облыстың батысында және шығысында тұман күтіледі. Шығысында түнде желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, оңтүстік пен шығысында 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Петропавлда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Ақтөбе облысында түнде қар жауып, жаяу борасын болады, облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, түнде кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ақтөбеде түнде қар жауып, жаяу борасын болады. Желдің екпіні түнде 15 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ пен боран болады. Желдің екпіні 15–20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Қызылорда қаласында түнде қар жауып, көктайғақ пен боран күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде боран соғады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с болады. Өскеменде көктайғақ болады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 4 өңірде қатты жел соғатынын ескертті.