Ол кезекті жеңісіне қол жеткізді
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлемдік рейтингте 7-орында тұрған отандасымыз Анна Данилина бұл сында сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетуде. Жарыстың 5-ракеткалары болып тіркелген жұп екінші айналымда украиналық Людмила Киченок пен америкалық Дезире Кравчик жұбын қапы қалдырды.
Кездесу қорытындысы:
Есеп: 6:4, 6:1 – Данилина мен Круничтің пайдасына;
Ойын ұзақтығы: 1 сағат 11 минут;
Қазақстандық-сербиялық жұп 2 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалға жолдама алған Данилина мен Круничтің алдағы қарсыластары әлі анықталған жоқ. Олар келесі жұптардың жеңімпазымен кездеседі:
1. Хейли Баптист (АҚШ) / Елена Остапенко (Латвия)
2. Мирра Андреева (Ресей) / Виктория Мбоко (Канада)
Айта кетейік, биылғы маусым Анна Данилина үшін өте сәтті басталды. Ол Александра Круничпен бірге Australian Open турнирінің финалына дейін жетіп, Дохадағы WTA 1000 додасында жеңімпаз атанған болатын.