Астана – Қарағанды тас жолында жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Қоғамдық көлікті шығару үшін арнайы техника жұмылдырылды

Фото: pixabay

Ақмола облысында тас жол жиегіне шығып кеткен қоғамдық көлікті шығару үшін арнайы техника жұмылдырылды. Оқиға Аршалы ауданында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

8 наурыз күні түстен кейін Астана – Қарағанды – Алматы тас жолының 50-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Анар бекетіне жақын маңда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша:

Автобус жүргізушісі Астана қаласына бет алған;

Рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі жыраға аударылған;

Оқиға кезінде автобус ішінде жолаушылар болмаған.

Апат туралы ақпаратты «Қазақавтожол» мекемесі хабарлаған. Оқиға орнына бірден «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мамандандырылған техникалары жіберілген.

Арнайы техниканың көмегімен автобус жырадан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.