Синоптиктер ескерту жасады
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 8 наурызда Қазақстанның екі ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын ескертті. Атмосфералық ауаның ластануы тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар келесі өңірлерде байқалады:
Алматы қаласы: ауа сапасы күрт бұзылады деп күтілуде.
Атырау қаласы: ластану деңгейі түнгі уақытта жоғарылайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде өндіріс орындары мен көліктерден бөлінетін зиянды қалдықтар сейілмей, жерге жақын қабатта жиналып қалады.
Ауаның ластануы кезінде мамандар қала тұрғындарына келесі сақтық шараларын сақтауға кеңес береді:
1. Тас жолдар мен зауыттардың жанында ұзақ жүрмеу керек.
2. Тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар мен аллергиясы бар жандар сақ болғаны жөн.
3. Терезелерді жабық ұстап, ауа тазартқыш құрылғыларды пайдалану ұсынылады.