Таяу Шығыстағы қақтығыс: 4700-ден астам қазақстандық елге оралды

Автор: Дәулет Ботагөз

Отандастарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр

Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты отандастарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері 4 700-ден астам отандасымыз үйіне аман-есен оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Эвакуация қалай жүріп жатыр?

СІМ мәліметінше, азаматтарды қайтару жұмыстары тек әуе рейстерімен емес, жер үсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда:

Отандық және шетелдік әуе компаниялардың қолдауымен мыңдаған қазақстандық елге жеткізілді.

6 наурызда «Заркух» компаниясының 7 қызметкері Иран-Армения шекарасы арқылы елден шығарылды.

Жақын арада аталған компания тағы 16 қазақстандықты дәл осы бағытпен алып шығуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Иран аумағынан тек 66 отандасымыз елге оралды.

Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлердегі іс-қимылдарды үйлестіріп, отандастарымызбен байланыста отыр. Барлық шұғыл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтарға дипломатиялық арналар арқылы көмек көрсетуді жалғастыра береді.