Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл өңірлерде қозғалысқа уақытша шектеу қойылды

Фото: © istockphoto.com

Елімізде ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Қай жолдар жабық?

7 наурыз күні сағат 10:30-дан бастап келесі бағыттар бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды:

Ақмола облысы бойынша:

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» тас жолының 346-407 шақырым аралығы (Жақсы ауылынан СҚО шекарасына дейін).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Дәл осы тас жолдың 407-429 шақырым аралығы (Чистополь ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Жол қашан ашылады?

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, аталған учаскелерде қозғалыс 8 наурыз күні сағат 09:00-де ашылуы тиіс. Алайда бұл уақыт ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін.