Осыған дейін ол Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған
Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев елорда судьяларына Астана қалалық сотының жаңа төрағасы Айдар Смағұловты таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, елорда соттарының судьялары мен қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушыларға елорда сотының жаңа төрағасын таныстыра отырып, А.Мерғалиев оның кәсіби тәжірибесін, басқарушылық қабілеттерін және судьялар қауымдастығындағы беделін атап өтті.
Жоғарғы сот төрағасы елорда мемлекетіміздің ірі саяси, әкімшілік және іскерлік орталығы екенін, мұнда күрделі әрі қоғам үшін маңызды істердің едәуір бөлігі қаралатынын айтып өтті. Осыған байланысты елорда соттарының қызметі жоғары жауапкершілікті, кәсібилікті және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуді талап етеді.
Астана судьялар корпусының алдына қойылған негізгі міндеттердің қатарында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайту бар. А.Мерғалиев А.Смағұлов соттардың тиімді жұмыс істеуіне және олардың одан әрі дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, А.Смағұлов 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Благовещенка ауылында дүниеге келген;