Атырауда бірнеше рет қалта ұрлығын жасады деген күдікті аялдамада ұсталды
Қаіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды
Атырауда Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Мүлікті қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде қала аумағында бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру барысында күдіктінің қоғамдық автокөліктерде ұрлық жасап, ұрланған заттарды әртүрлі ломбард мекемелеріне тапсырғаны белгілі болды. Қаіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.