Мұздың қалыңдығы шамамен 50 сантиметрді құрайды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданына қарасты Усть-Таловка ауылы маңында, Уба өзеніндегі теміржол көпірі ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында 8208 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған аумақта жару жүргізілген жерлерде өзендегі мұздың қалыңдығы шамамен 50 сантиметрді құрайды.
«Жүргізілген жұмыс өзеннің су өткізу қабілетін арттыруға және мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.