Оқиға өткен жылдың қараша айында болған
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану ісі бойынша айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы 18-шағынаудандағы тұрғын үйдің ауласында болған. Полиция қызметкерлері төбелес туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына келген. Қызметтік көлікте отырған кезде жасөспірім көлікті теуіп жіберген.
Полицейлер көліктен шыққаннан кейін жас жігіт олардың заңды талаптарына бағынбай, қызметкерлердің бірін жұдырықпен бетінен ұрған. Зардап шеккен полицей дене жарақатын алғанымен, денсаулығына зиян келтірмеген.
Сотта айыпталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденгені атап өтілді.
Прокурор жасөспірімге бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Ал жәбірленушілер жаза түрін соттың қарауына қалдырған. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, жеңіл жаза тағайындауды өтінді.
Сот кінәні мойындау мен шынайы өкініш білдіруді жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Іс бойынша ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.
«Кәмелетке толмаған жасөспірім Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігінің 1 және 5-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл 4 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – деп хабарлады сотта.
Үкім заңды күшіне енді.