$ 499.83  581.5  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда балабақша қызметкерлерінің міндетті зейнетақысы төленбей, 283 млн теңге үнемделмек болған

Прокурорлар 2500-ден астам азаматтың құқығын қорғады

Таразда балабақша қызметкерлерінің міндетті зейнетақысы төленбей, 283 млн теңге үнемделмек болған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Тараз қаласында 2515 азаматтың құқығының бұзылуына себеп болған еңбек және зейнетақы заңнамасының талаптарын сақтамау фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, 2025 жылдың тамызы мен желтоқсан айлары аралығында «Жасыл Ел Тараз» ЖШС-нің 650 қызметкеріне жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған.

Қадағалау актісі бойынша заңдылық бұзушылықтары жойылып, қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары қорға аударылып, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Осы тектес кемшіліктер Тараз қаласының білім бөліміне қарасты мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек еткен 1895 қызметкерге қатысты орын алған, қызметкерлерге 283 млн теңге көлемінде зейнетақы жарналары төленбеген.

«Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде жалпы сомасы 300 млн теңге зейнетақы жарналары толық көлемде өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып саналады», – делінген прокуратура хабарламасында.