Шетелге барған азаматтар іс жүзінде қиын жағдайға ұшырауы мүмкін
Ішкі істер министрлігі интернетте хабарландырулар арқылы қазақстандықтарды шетелдегі «жалақысы жоғары жұмысқа» тарту ісі көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен түрлі хабарландыру сайттарында табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз деп хабарландыру жасайды. Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда жарияланады.
Алайда шетелге барған азаматтар іс жүзінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін:
Сақтық үшін мыналарды ескерген жөн:
Егер күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс. Ведомство өкілдері азаматтарды қырағы болуға және интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.