5 наурызда қар, боран, көктайғақ пен тұман күтіледі
Синоптиктердің мәліметінше, 5 наурыз күні Алматы қаласында және еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр. Бірқатар аймақта қар мен жаңбыр, боран, көктайғақ, екпінді жел және тұман күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет»-ке сілтеме жасай отырып.
Ақмола облысы аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, өңірдің солтүстігі мен шығысында кей уақыттары 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Көкшетау қаласында таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жауын-шашын (көбіне қар), боран, көктайғақ болжанады. Батыста тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.
Петропавл қаласында да қар, боран, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысы солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран болады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ.
Қостанай қаласында да осындай ауа райы сақталады.
Павлодар облысы түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Павлодар қаласында күндіз жауын-шашын, көктайғақ болады.
Қарағанды облысы батысында, солтүстігінде және шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.
Қарағанды қаласында күндіз қар жауады.
Ұлытау облысы түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады.
Жезқазған қаласында күндіз көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында қар, жаяу бұрқасын, тұман болжанады.
Абай облысы түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ болады.
Алматы облысы оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақытта қатты жауын-шашын, тауда қалың қар күтіледі.
Қонаев қаласында тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде күндіз қалың қар жаууы мүмкін.
Жамбыл облысы аумағында тұман мен көктайғақ күтіледі.
Тараз қаласында да осындай ауа райы болжанады.
Түркістан облысы таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын қаупі сақталады.
Қызылорда облысы солтүстігі мен орталығында тұман, көктайғақ.
Қызылорда қаласында да тұман түседі.
Ақтөбе облысы кей жерлерінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақтөбе қаласында көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысы түнде аздаған қар, күндіз жауын-шашын, боран, көктайғақ болжанады.
Орал қаласында жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысы кей аумақтарында көктайғақ пен тұман болады.
Атырау облысы аумағында тұман, көктайғақ, ал кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Атырау қаласында күндіз көктайғақ, түнде және таңертең тұман болжанып отыр.