Өткен жылдың қазан айында Үкімет 2026-2030 жылдары жекешелендіруге жататын 473 нысанның тізімін бекітті
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев Үкімет басшысы Олжас Бектеновке арнайы сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутаттың айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасын ырықтандыру мәселесіне ерекше назар аударатыны баршаға мәлім. Биыл да 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында ол осы мәселеге арнайы тоқталып, құзырлы органдар президент жарлығында көрсетілген тапсырмаларға атүсті қарайды деп атап өтті. Өткен жылдың қазан айында Үкімет 2026-2030 жылдары жекешелендіруге жататын 473 нысанның тізімін бекітті. Бұл шешім экономиканы дамытуға бағытталған маңызды қадам екені анық.
«Алайда, биыл қаңтар айында өңірлерге барып, Қостанай, Атырау, Қызылорда облыстарының сайлаушылармен кездесулер барысында мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру мәселелерін қатысты алаңдаушылық жиі айтылды. Халық, әсіресе, жекенің қолына өткен кәсіпорындардың қызметі болашақта қандай қауіп-қатерлерге әкелуі мүмкін екенін сұрауда. Атап айтқанда, тізімге енген нысандардың басым бөлігі – коммуналдық кәсіпорындар. Олардың арасында қалалар мен елді мекендерді жылумен, сумен қамтамасыз етіп отырған өмірлік маңызы бар кәсіпорындар бар.
Сайлаушылардың айтуынша, бұл кәсіпорындардың кейбірінің балансында жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық нысандар бар. Сонымен қатар, сайлаушылар бұрын жекешелендіріліп, кейін қайтадан мемлекет меншігіне өткен, елеулі мемлекеттік инвестиция салынып, енді қайта жекешелендіруге қойылған коммуналдық кәсіпорындардың теріс тәжірибесін айтуда.
Мәселен, 2020 жылы Рудный қаласының жылу желілері қайтадан мемлекет меншігіне өткен кезде кәсіпорынның жағдайы нашар болды. Жылу желілерінің тозуы 71%-ға жетіп, 313 апат тіркелген. Қызмет сапасы талапқа сай болмаған, кәсіпорын 740 млн теңге шығынға ұшырап, 1 млрд 366 млн теңге кредиторлық берешек жинақтаған», – дейді депутат.
Сөзін жалғай отырып, кәсіпорынның мемлекет меншігіне қайтарылуы жылумен жабдықтаудың толық тоқтап қалу қаупінің алдын алып, саланың тұрақтылығын қамтамасыз еткенін, 2020 жылдан бастап қомақты мемлекеттік қаражат есебінен жылу желілері жаңартылып апаттық жағдайлар елеулі төмендетілгенін мәлім етті.
Айтуынша, қазіргі таңда осы кәсіпорынмен бірге Қостанай, Арқалық жылу энергетикалық компаниялары, «Лисаковскгоркоммунэнерго», «Жітіқаракоммунэнерго» қосқанда барлығы 18 коммуналдық кәсіпорынды жекешелендіру жоспарланып отыр.
«Үкіметтің есінде болса, аталған кәсіпорындардың бәрі бұрын да жекешелендіру жоспарына енгізілген, бірақ, Екібастұздағы апаттан кейін алынып тасталған. «Сонда біз Екібастұздың жылу желілерінің жекеменшікте болғаны қандай салдарларға әкелгенін тез ұмытқанымыз ба?» деген сұрақ туындайды.
Осындай сұрақтар біздің әріптестерімізге еліміздің көптеген өңірлерінде де қойылған. Мәселен, Қызылорда бойынша облыс орталығы мен Қазалы ауданының Әйтеке би кентіне жылу беруші «Қызылорда жылу электр орталығы» және оның «Қазалы-темір жол Жылу» филиалы, Атырау облысының орталығы мен Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға және Мақат аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Атырау облысы Су Арнасы», сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында Алтай және Серебрянск қалаларының жылу-су орталықтары мен «Зайсан» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны сияқты Қазақстан бойынша көптеген стратегиялық маңызды насандарды жекешелендіру жоспарланып отыр», – дейді Берік Бейсенғалиев.
Осы ретте кейбір кәсіпорындар, мысалы – Шымкент су арнасы стратегиялық деп мемлекет меншігіне қайтарылып жатқанда неге басқаларын сатылымға қою керек? Бұл бір жүйенің болмауында ма, әлде құзырлы органдардың мәселеге бей-жай қарауында ма?
«Бесінші Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев энергетикалық қуат көздерінің жеткілікті болуы – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты екенін атап өтті. Осыған байланысты стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар коммуналдық және энергетикалық нысандарды жекешелендіру талаптарын күшейтуді ұсынамыз», – дейді депутат.
Олар: