Қостанай облысының картасынан бес ауыл жойылады

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай шешімді мәслихат депутаттары қабылдады

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістерге дауыс берді, деп хабарлайды Alau.kz өңірлік басылымы.          

Қостанай, Денисов, Әулиекөл және Қарасу аудандарында бес ауылды тарату туралы шешім қабылданды. Яғни, Қостанай облысының картасынан Янушевка, Чебендовка, Киров, Братское, Күленсай ауылдары жойылады.

Шенеуніктердің мәліметі бойынша, бұл ауылдардың тұрғыны 50-ге жетпейді.

Ауылдарды тарату туралы мәслихат шешімі күшіне енгеннен кейін, ондағы тұрғындар өздеріне жақын орналасқан кенттерге қарайтын болады.