Сонымен қатар 2 дана ПТР талдауына арналған жабдық жіберіледі
Түркия Қазақстанға қайтарымсыз негізде медициналық құралдар жеткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Түркияның Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.
«Коронавирус індетіне байланысты бастан кешіп жатқан осы қиын-қыстау кезеңде Түркия дос әрі бауырлас Қазақстанның жанында екенін жеткізгіміз келеді. Еліміздің бауырлас Қазақстан халқымен ынтымақтастық рухы аясында, бұған дейін де Түркиядан Қазақстанға әртүрлі медициналық құралдардан тұратын көмек пакеті жеткізілген еді», - деп жазылған хабарламада.
Түркия Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Үкіметі арасында қол қойылған Өзара түсіністік меморандумы аясында, төменде тізімі көрсетілген медициналық құралдар Қазақстан Республикасына қайтарымсыз негізде тарту етіледі:
· 30 дана өкпені жасанды желдету аппараты
· 50 мың дана «N95» бетпердесі
· 100 мың дана медициналық бетперде
· 35 мың дана қорғаныш костюмі
· 2 мың дана бет қорғаушы маскалар
· 2 дана ПТР талдауына арналған жабдық
· 30 мың дана SARS-CoV-2 (2019-nCov) RT-qPCR лабораториялық талдау сынауығы
· 30 мың дана вирустық нуклеин қышқылын оқшаулау сынауығы
· 10 мың қорап гидроксиохлорокин дәрісі.