Ақтауда 38 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті
Оның жоғалып кеткеніне бір апта уақыт болған
Ақтау қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы Андрей Сотниченко іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оның жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Андрей Сотниченко 12-шағынауданда жалғыз тұрады. Көршілерінің айтуынша, ер адам шамамен бір апта бойы көзге түспеген, ал пәтерінің терезелері осы уақыт ішінде айқара ашық тұрған.
Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері шақырылған. Пәтердің есігі ашылғанымен, үй иесі ішінен табылмаған.
«Әдетте оның дүкенге барып жүргенін көреміз, үйіне адамдар келіп-кетіп жатады. Ал бұл жолы бір аптадан аса уақыт тыныштық орнады, терезелер екі жағынан да ашық тұр. Он минутқа шығып, пәтерін желдетіп қалдырғандай әсер қалдырады. Мұнда туыстары жоқ, әпкесі Астраханда тұрады, ол да алаңдап отыр», – дейді таныстарының бірі.
Ер адамның бойы – шамамен 170 сантиметр.
Оның ықтимал жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер +7 705 144 2541 нөміріне хабарласуы қажет.