«Ата-анасы мен қарындасын өлтіріп, бөлшектеп тастаған»: Астана маңындағы ауылда жантүршігерлік қылмыс болды
Ақмола облысының полиция департаменті ресми ақпарат таратты
Астана маңындағы Жібек жолы ауылында жантүршігерлік қылмыс болған. Ақмола облысының полиция департаменті қаза болғандардың санын нақты айтпаса да, оқиғаны растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Әлеуметтік желі мен кейбір БАҚ беттерінде Жібек жолы ауылының тұрғыны өзінің әке-шешесін және қарындасын жауыздықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп, жан-жаққа көмік тастағаны туралы жазылған. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған да жоқ, бірақ, жоққа шығарған да жоқ.
«Жібек жолы ауылындағы адам өлтіру фактісіне қатысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде әртүрлі қауесет пен нақтыланбаған ақпарат тарап жатыр. Осы қылмысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша қамау изоляторына қамадық», - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
Полиция Жібек жолы ауылында тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.