«Изоптин» препаратының тіркеу куәлігі кері қайтарылды
Қазақстанда германиялық «Изоптин» дәрілік препаратының тіркеу куәлігі кері қайтарылды. Тиісті бұйрыққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Изоптин® (Верапамил), үлбірлі қабықпен қапталған 40 мг таблеткалар» дәрілік препаратының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын», – делінген құжат мәтінінде.
«Изоптин» таблеткалары артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, сондай-ақ жыпылық аритмияны (пароксизмальды үстіңгі қарыншалық тахикардияны) емдеу кезінде қолданылады.
Препаратты Германияның Abbott Laboratories GmbH компаниясы өндіреді.