2 наурыз күні ауа райы қандай болады

Автор: Дәулет Ботагөз

Бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады

Фото: © freepik.com

Дүйсенбі, 2 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, республиканың бірнеше елді мекенінде жауын-шашын күтіледі. Ал солтүстік өңірлерде тек қар жауады деп болжануда.

Антициклонның әсерінен тек екі өңірде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады:

  • Еліміздің орталығында;
  • Шығыс Қазақстан облысында.

Дүйсенбі күні жолға шығатын жүргізушілер мен қала тұрғындарына сақ болу ұсынылады: Желдің екпіні күшейіп, көрініс деңгейі нашарлауы мүмкін. Батыс, солтүстік және оңтүстіктің таулы аудандарында боран соғады. Көлік қозғалысына қиындық тудыратын тұман түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болады.