Қазақстанда тағы 1798 адам коронавирус жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

33 814 адам емделіп шыққан

Елімізде 11 шілдеде тағы 1798 адамнан COVID-19 вирусы анықталды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz. Ауырғандардың жалпы саны 58 253-ке жетіп отыр.

Вирус анықталған 1798 адамның 1061-ы симптомсыз тасымалдаушы.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 88 / 40
  • Алматы қаласы - 242 / 81
  • Шымкент қаласы - 137 / 99
  • Ақмола облысы - 38 / 23
  • Ақтөбе облысы - 40 / 25
  • Алматы облысы - 48 / 29
  • Атырау облысы - 269 / 200
  • Шығыс Қазақстан облысы - 211 / 150
  • Жамбыл облысы - 79 / 64
  • Батыс Қазақстан облысы - 97 / 43
  • Қарағанды облысы - 158 / 93
  • Қостанай облысы - 56 / 19
  • Қызылорда облысы - 91 / 33
  • Маңғыстау облысы - 72 / 67
  • Павлодар облысы - 51 / 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 48
  • Түркістан облысы - 56 / 41

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 280 адам қайтыс болды.