Құтқарушылар жеті адамды аман алып қалды
2026 жылғы 28 ақпанда Атырау қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тілсіз жаумен күресіп, жеті адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт Атыраудың «Алмагүл» мөлтек ауданында болған. Тоғыз қабатты үйдің екінші қабатындағы кіреберісте электр сымдары қысқа тұйықталып, салдарынан екінші және үшінші қабаттардағы электр қалқандары өртенген.
ТЖМ күштері шұғыл әрекет етіп, баспалдақ маршы арқылы 7 адамды құтқарып қалды. Оның ішінде бес бала бар.
Сонымен қатар:
Құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында өрт аз уақыт ішінде сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.