Облыста суға шомылу маусымы басталған уақыттан бері 13 адам суға кеткен
Ақтөбеде 24 және 37 жастағы екі ер адам суға батып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат
Құтқарушылар 24 жастағы қала тұрғынын екі сағаттан аса іздеген. Оның денесі Ақтөбе су қоймасынан, жағадан 10 метр қашықтықта 8 метр тереңдіктен табылды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ақтөбелік жігіт шомылу кезінде суға кеткен.
«Сағат 18:42-де Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылындағы Ырғыз өзенінен 37 жастағы ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар оны 4 метр тереңдіктен алып шықты», - деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Облыста суға шомылу маусымы басталған уақыттан бері 13 адам суға кеткен.