Ұлттық банк ресми доллар бағамын жариялады
Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 497,56 теңгені құрап, 3,68 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 27 ақпанға белгілеген доллардың ресми бағамы – 501,75 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 497,27 теңге, сату бағамы – 499,47 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 495 теңгеден сатып алынып, 502 теңгеден сатылуда. Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 497,97 теңге болса, сату бағамы – 500 теңге.