Бүгін, 16:10
Жаңалықтар
10 құжатқа қол қойылды: Қазақстан мен Сербия қандай салаларда ынтымақтастық орнатады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Сербия арасында қандай салаларда ынтымақтастық орнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Александр Вучич Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Сербия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Сербия Республикасы Әділет министрлігі арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпараттық технологиялар және электрондық үкімет кеңсесі арасындағы цифрландыру және электрондық үкіметті дамыту саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сербия Республикасы Ауыл, орман және су шаруашылығы министрлігі арасындағы ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасы Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сербия Республикасы Мәдениет министрлігі арасында кино саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Сербия Республикасы Мәдениет министрлігі арасында материалдық емес мәдени мұраны қорғау саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Сербия даму агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сербия Республикасы Дипломатиялық академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Көп оқылған
26.02.2026, 10:51
Алматы облысында «сүйген» қызына банк арқылы аз ақша салып, астына хат жазған жігіт сотталды
26.02.2026, 17:25
«Табысы аз адамдарға 432 мың теңге біржолғы көмек төленеді»: Еңбекмин халыққа шұғыл мәлімдеме таратты
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған
Редактордың таңдауы
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған