Көктем жақындағанымен, қыстың аязды күндері басылар емес
«Қазгидромет» қыстың соңы мен көктемнің алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, күнтізбе бойынша көктем жақындағанымен, қыстың аязды күндері басылар емес. Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтап, жауын-шашынсыз аязды ауа райын ұстап тұр.
«Тек 2 наурыздан бастап еліміздің батыс өңірлеріне циклон жылжи бастайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп жылынады деп болжанып отыр», – делінген «Қазгидмерот» болжамында.