Нұр-Сұлтанда 6 477 науқастың 3 675-і сауығып шыққан
Жұқпалы аурулар стационарындағы емделушілер елордалық дәрігерлерге кәсіби біліктілігі, медициналық көмек көрсеткені, жақсы күтім жасап, көңіл бөлгендері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
70 жастағы науқас Сәуле Көпенова бір апта бұрын ауруханаға түскен.
«Өткен сенбіде ауруханаға түстім. Ауыр халде келген едім, ал қазір емханадан сауығып шыққалы жатырмын. Өзімді жақсы сезінемін. Біздің барлық дәрігерлер мен санитарларымызға үлкен рахмет. Маған өз аналарындай қарап күтті. Жақсы тамақтандырды, тіпті үйден ештеңе алғызған жоқпын. Менде барлығы жақсы», - деді Сәуле Көпенова.
Ерболат Кіреубаев есімді тұрғын да медицина қызметкерлерінің жұмысына оң баға берді.
«Алғаш емханаға түскен кезде жағдайым нашар болған. 10 күн ем қабылдадым. Дәрігерлер мені аяққа тұрғызды деуге болады. Ақ халаттыларға көп рахмет айтамын», -
Нұр-Сұлтанда 6 477 науқастың 3 675-і сауығып шыққан. Қалада пандемия басталғалы инфекциялық төсек-орын саны 1 мыңнан 4 есеге жуық өсті. Осылайша, стационарлар саны 3-тен 14-ке дейін көбейді. Эпидемиялық ахуал асқынуы мүмкін екені ескеріліп, тағы 1,5 мың орын резерв дайындалды. Сондай-ақ төтенше жағдай резервінде қосымша нысандар бар. Оған арнайы жабдықталған 800 медициналық төсек-орын және дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар сатып алынатын болады.