ТЖМ тікұшағы шұғыл медициналық тасымалдау жүргізді
Ақмола облысында науқас әйелді өңір орталығына шұғыл жеткізу үшін Төтенше жағдай министрлігінің тікұшағы қолданылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазавиақұтқару» әуе бөлімінің ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, 1972 жылы туған әйелді «пневмония» диагнозымен Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылынан Көкшетау қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында науқас облыс орталығына аман-есен жеткізілді.
«ТЖМ тікұшақтары шалғай елді мекендердің тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін әрдайым дайын күйде», – делінген ТЖМ хабарламасында.