СҚО-да жемқорлардан қайтарылған ақшаға ауруханалар жөнделіп, сапалы ауызсу берілді

Автор: Асыл Арман

Аймақта бірқатар жоба жүзеге асып жатыр

Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сонымен бірге әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 5 жоба жүзеге асырылуда.

Тайынша ауданында көпбейінді ауданаралық ауруханасының қабылдау бөлмесін қалпына келтірумен ғимараттың бірінші қабатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны жүзеге асыру мекеменің облыстың тұрғындарына заманауи стандарттарға сәйкес шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Петропавл қаласында «Qyzyljar» арнайы экономикалық аумағының инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде, бұл инвестицияны тарту, өндірістік әлеуетті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құрастыру үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Одан басқа, Пресновка және Соколовка топтық су құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бұл облыстың 20 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттырады және селолық елді мекендерде өмір сүру жағдайын жақсартады.

«Өңірде қайтарылған активтер есебінен білім беру және коммуналдық шаруашылық салаларында  барлығы 34 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Облыс прокуратурасы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың мониторингін жалғастыруда», – делінген ведомство хабарламасында.