Мемлекет басшысы Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт әміріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.