Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұз айдынында ел намысын қорғап, тарихи алтынға қол жеткізген спортшыны Астана әуежайында жанкүйерлер мен спорт қауымдастығы ерекше құрметпен қарсы алды. Бұл Қазақстан үшін 32 жылдан кейінгі қысқы Олимпиада алтыны.
Салтанатты рәсім жалғасын тауып, чемпионға 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Ал мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасында ел намысын қорғап, үздік 10 спортшының қатарына кірген Софья Самоделкина да елге оралып, оған бір бөлмелі пәтер сертификатымен марапатталды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға бір бөлмелі пәтер берілді. Сыйлықтарды Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы ұсынды.
Айта кетейік, Қазақстанға қысқы Олимпиада ойындарында соңғы рет 1994 жылы мәнерлеп сырғанаушы Владимир Смирнов алтын медаль сыйлаған. Араға 32 жыл салып биылғы Олимпиадада Шайдоров алтын жүлде алды. Ол бағдарлама қорытындысы бойынша 5-орынға тұрақтаған еді. Алайда еркін бағдарламада шеберлігін толық көрсетіп, шешуші сәтте жоғары нәтиже көрсетті.