Қазақстан электронды үкімет дамуының әлемдік рейтингінде 10 орынға көтерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан 29-орынға жайғасты

Фото: ашық дереккөзден

БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан 29-орынға көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

«28-орынға Канада ие болды. Бұл рейтинг әр 2 жыл сайын жасалады және БҰҰ-ға мүше 193 елдің көрсеткіштері бағаланады. 2020 жылғы рейтинг мемлекеттердің 2018-2019 жылдары жүргізген жұмысының нәтижесіне негізделген. БҰҰ-ның жариялаған есебіне сәйкес, электрондық үкіметті дамыту бойынша көшбасшылардың алғашқы үштігіне Дания, Оңтүстік Корея және Эстония енді», - делінген хабарламада. 

Айта кету керек, ТМД елдері арасында Қазақстан 1-орынды иеленді. Қазақстаннан кейін Ресей (36), Беларусь (40), Украина (69), Молдова (79), Өзбекстан (87)және т.б.елдер орналасқан. Қазақстанның аталған рейтингтегі ең жоғары позициясы 28-орын 2014 жылы тіркелген еді. 2016 жылы 33-орынға, ал 2018 жылы 39-орында болды. Осылайша, соңғы 2 жылдағы көрсеткіш бойынша Қазақстан 10 позицияға жоғарылады