ШҚО-да дәрі-дәрмектерді қымбатқа сатқан дәріханалар анықталды
Семей мен Өскеменде 6 дәріхана дәрілердің бағасын бірнеше есе қымбаттатқан
Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек бағасын негізсіз қымбаттатқан заңды және жеке тұлғаларды анықтау мақсатында профилактикалық рейд жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өскемен мен Семей қалаларында жүргізілген рейд барысында дәрілік препараттарды бірнеше есе қымбатқа және дәрігердің рецептінсіз сатқан алты дәріхана анықталды. Сонымен қатар сатуға рұқсаты жоқ дәрі-дәрмектер табылған.
«Фармацевт «Трамадол» дәрісін қымбат бағаға сатқан. Сонымен қатар ол дәрілік препараттардың көп бөлігін үйінде сақтаған. Тексеріс кезінде 44 жастағы әйелден «Трамадол» дәрісінің 2500 қорабы мен 190 флакон «Тропикамид» тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.