Тоқаев Эстония халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Автор: Асыл Арман

Эстония президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония президенті Алар Каристі Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алар Каристің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас эстон халқына бақ-береке тіледі.