Олардың арасында 1 бала бар
Шығыс Қазақстан облысының орталығында Қарбышев көшесінің бойындағы 7-қабатта орналасқан тұрғын үйдің пәтерінде өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан құтқару қалпақтарының көмегімен 7 тұрғынды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады.
1954 жылы туған үй иесі қою түтін басқан пәтерден құтқарылып, дәрігерлердің тексеруден кейін медициналық мекемеге жеткізіледі.
«Өрт 5 шаршы метр аумақта сөндірілді. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Жағдайды өртке жеткізбеңіз», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.