Коронавирустың жаңа түрі белсенді таралып келеді: Қазақстанға қауіп төніп тұр ма

Автор: Асыл Арман

Қазақстанда 6 адамнан коронавирустың жаңа түрі табылды

Фото: istockphoto.com

Көрші Ресейде коронавирустың «Стратус» атты жаңа штаммы белсенді түрде таралуда. Ал Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде алаңдауға негіз жоқ екенін, эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, эпидемиялық маусым басталғалы ЖРВИ мен тұмауға шалдығу көрсеткіші 13%-ға төмендеген. Жыл басынан бері Қазақстанда COVID-19 инфекциясының небәрі алты жағдайы тіркелген, анықталған барлық жағдайда «Стратус» штаммы басым болған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы Айгүл Катренованың айтуынша, айналымдағы XFG желісі «Омикронның» алдыңғы субнұсқаларымен салыстырғанда халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді. Ауру жөтел, тамақ ауруы, мұрыннан су ағу, бас ауруы, жалпы әлсіздік және бұлшықет ауыруымен қатар жүреді. Ерекше белгісі – дауыстың қарлығуы мен сырылы. Жұқпалылығы жоғары болғанымен, XFG қосалқы түрі, әдетте, ауыр асқынуларға әкелмейді.

Сарапшылар «Стратус» штаммының клиникалық көрінісі көп жағдайда кәдімгі ЖРВИ-ге ұқсас екенін атап өтеді. Сонымен қатар бұл штаммның жұғу қабілеті жоғары және бұрын қалыптасқан иммунитетті ішінара айналып өтуі мүмкін.