Оларға қандай талаптар қойылатыны белгілі болды
Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуға дайындық аясында CTS платформа бойынша кезекші және LRT кассирі лауазымдарына қызметкерлерді қабылдау жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
CTS компаниясының мәліметінше, платформа бойынша кезекші лауазымына жоғары білімі бар (мамандыққа қойылатын талаптар жоқ) немесе орта арнаулы білімі бар кандидаттар қарастырылады. Көлік саласындағы жұмыс өтілі кемінде 6 ай болуы тиіс, мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілін білу құпталады.
Міндеттері:
Кандидаттарға ұсынылады:
LRT кассирі лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:
«Кассирдің міндеттеріне LRT пайдалану қағидаларын, тарифтерді, жеңілдіктер мен жол жүру шарттарын түсіндіру; белгіленген тарифтерге сәйкес автобустарда жол жүруге арналған көлік карталарын сату және толықтыру; кассалық есептілікті жүргізу кіреді.
Түйіндемелер CTS компаниясының ресми сайты арқылы қабылданады: hr@cts.gov.kz. Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207)», – делінген хабарламада.