Мысырға баратын қазақстандықтар үшін виза қымбаттады

Автор: Аягөз Құрмаш

Мысыр келесі айдан бастап кіру визасының құнын көтереді

Фото: istockphoto.com

Мысырға кіретіндер енді көп ақша төлейтін болды. Туристерге арналған виза құны артқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

 «Туристік компаниялар мен агенттіктер палатасы Мысырдың шекаралық өткізу бекеттерінде берілетін кіру визасының құны артатынын жариялады», - делінген хабарламада.

Әңгіме бір реттік виза туралы болып отыр. 1 наурыздан бастап оның құны бұрынғы 25 доллардың орнына 30 доллар болады. Ал көп мәртелік визаның бағасы өзгеріссіз қалады, ол 60 доллар.

Египеттің Шарм-эш-Шейх әуежайына келіп, тек Синай түбегінің аумағында 15 күннен аспайтын мерзімде болуды жоспарлаған туристер үшін кіру тегін болады.