Қазақстанда жыл сайын 500-600 баладан қатерлі ісік диагнозы анықталады - зерттеу

Автор: Аягөз Құрмаш

Дәрігерлер ауруды барынша ерте анықтаған сайын баланың жазылатынын да алға тартып отыр 

Фото: Human Rights Lawyers

Алматы қаласында Халықаралық онкологиялық ауруға шалдыққан балалар күніне орай ауқымды қайырымдылық концерті мен жәрмеңке өтті. Іс-шараны Human Rights Lawyers қоғамдық қоры, Help Today қоры және ABF қоры бірлесіп ұйымдастырған. Басты мақсат Түркістан облыстық балалар ауруханасының онкогематология бөлімшесі жанынан Smart School ауруханалық мектебін ашуға қаражат жинау және қоғамды балалар онкологиясы туралы барынша жан-жақты хабардар ету, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жыл сайын 500-600 баладан қатерлі ісік табылады. Осыған байланысты шара тек қаржылай қолдау көрсетуге ғана емес, сонымен қатар дертті ерте анықтаудың маңызын түсіндіруге және «балалар обыры емделеді» деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Заңгер Ләззат Рақышеваның айтуынша, Human Rights Lawyers қоғамдық қоры 10 жылдан бері осал топтағы жандарға, соның ішінде, балаларға, қарияларға, қиын жағдайға тап болған отбасыларға  және мүгедектерге, көп балалы аналарға тұрақты көмектесіп, тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсетіп келеді.

«Қор волонтерлері де  аталған іске атсалысып, қауіпсіз және жанашыр орта құруға тер төгіп жатыр. Былтырдан бастап қор мәдениет министрі және АБҚО-ның бастамасымен қолға алынған жобаға қатысып, ересектерге, студенттер мен жастарға әлеуметтік волонтерлік дағдыларын үйретіп жатыр. Осы уақыт аралығында көп волонтер дайындап, олар балалар үйіне, қарттар үйі мен көмекке мұқтаж отбасыларға тұрақты түрде қол ұшын созып келеді. Бұл жыл сонымен қатар БҰҰ аясында  Халықаралық волонтерлік жылы деп белгіленді. Осыған орай қор бастаманы қызу қолдап, қайырымдылық жәрмеңкелері мен әлеуметтік жобаларға атсалысуға ниетті жаңа волонтерлерді қатарына тартып жатыр», - дейді Ләззат Рақышева.

Оның айтунша, биыл қор онкологиялық дертке шалдыққан балаларды қолдауға ниет білдіріп отыр.

«Түркістан облысында арнайы мектеп ашылғалы отыр, оны іске қосу үшін қаржылай қолдау қажет. Жәрмеңкеде жиналған барлық қаражат 1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында ашылуы жоспарланған осы мектептің қажеттілігіне бағытталады. Жоба аясында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Волонтерлер кәдесыйлар дайындап, кәсіпкерлер тауарларын шығарып жатыр, студенттер өз қолдарынан сыйлықтар жасап жатыр. Жәрмеңкені үш бірдей қор қолдап отыр: Human Rights Lawyers, Help Today және Асель Байсеитова атындағы қор.Біз бәріне волонтерлық бастамаларға көмектесу және қатысу қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Бұдан бөлек біздің волонтерлар, психологтар, адвокаттар мен заңгерлер тренингтер өткізеді, психологиялық және заңгерлік қолдау көрсетеді, мекемелерге аяқтай барады және балалармен, отбасылармен, тіпті сотталған жандармен жұмыстанады. Бірлесе күш салудың арқасында қолдау-көмек жүйелі әрі салмақты бола түседі», - дейді заңгер.

Оның айтуынша, «Волонтерлік бастамаларды қолдау және дамыту жобасы»  ақпарат және мәдениет министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. 

Ал Әсель Байсеитова атындағы қор жетекшісі, трансфузиолог Светлана Селюнина статистикалық тұрғыдан алғанда елде жыл сайын шамамен 600 бала жаңа қатерлі ісікке шалдығады дейді.

«Бірақ дәрігер ретінде айтарым: сандардың өсуі тек экология немесе генетикаға байланысты емес, сонымен қатар біз ауруды анықтауды жақсарттық. Бұрын көп бала диагнозға дейін жетпейтін. Қазір Астана мен Алматы қалаларындағы диагностикалық база 15 жыл бұрын армандамаған кезеңдерде ауруды «ұстауға» мүмкіндік береді. Құрылым бойынша бұрынғыдай лейкоздар (қан обыры) алда тұр, олармен біз, трансфузиологтар, ерекше тығыз жұмыс істейміз»,- дейді Светлана Селюнина.

Ол аурудың алғы белгілерін былай түсіндірді:

  • Түсініксіз әлсіздік пен бозару: егер бала себепсіз селқос болып кетсе;
  • Себепсіз көгерулер мен терідегі нүктелер (петехиялар): бұл менің бағытым көбіне тромбоциттердің төмендеуінің белгісі.
  • Ұлғайған лимфа түйіндері: әсіресе ауырсынусыз, тығыз және тұмауды емдегеннен кейін кішіреймесе.
  • «Біртүрлі» ауырсынулар: егер бала сүйектерінде немесе буындарында түнде күшейетін ауырсынуға шағымданса.
  • Қарашықтағы ақ жылтырау: мұны суреттерден байқауға болады (ретинобластомаға күдік).

«Алайда, ауруды барынша ерте анықтаса, бала жазылып кететіне де үміт көп болады. Бүгінде Қазақстанда балалар лейкозы кезінде өмір сүру көрсеткіші 75–80%-ға жетеді. Уақытылы емделгенде ісіктің көптеген түрлері тұрақты ремиссияға өтеді. Бұл балалар өсіп, отбасын құрады. «Қатерлі ісік емделмейді» деу - жүздеген дәрігердің еңбегін және мыңдаған отбасының ерлігін жоққа шығару. Трансфузиолог ретінде ашық айтамын: донор болыңыз. Әлемдегі ешқандай ақша «химиядан» кейін балаға қажет қан мен тромбоциттердің орнын баса алмайды. Қанды тұрақты тапсырғае адам бір баланың өмірі үшін күресті деуге болады», - деді маман.

Оның айтуынша, біз «эмоциялық серпіннен» жүйелілікке көшуіміз керек.

«Ашықтық сенім нақты есеп бар жерде артады. Қоғам әр теңгенің қайда кеткенін көруі тиіс. Қайырымдылық бұл «қайғыдан құтылу» емес, әлеуметтік норма. Бұл мектептен бастап сіңірілуі керек.Стигмадан бас тарту, қатерлі ісік ұят емес, бұл ауру. Бізге аяп емес, қолдап, емделген балаларды мектептер мен үйірмелерге қорқынышсыз және теріс пікірсіз қайта қабылдайтын қоғам керек», - деді ол.

Ал «Help Today» ҚҚ төрайымы Эльмира Әлиева қор 2018 жылдан бері 4 аурухана мектебінде 3000-нан астам бала білім алғанын айтты.

«Балалар оқу үлгерімін сақтап, шығармашылық қабілеттері мен әлеуметтік дағдыларын дамытып келеді. Жоба ұзақ ем қабылдау кезінде де толыққанды білім алуға болатынын дәлелдеді. Білім беру ортасы балалардың ынтасын арттырып, олардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсер етеді. Ұзақ уақыт ауруханада жатқан балалар сыныптастарымен байланысын жоғалтып, оқу процесінен қалып қояды және әлеуметтік оқшаулануды сезінеді. Бейімделген білім беру ортасы болмаған жағдайда білім деңгейін сақтау, шығармашылық және спорттық іс-шараларға қатысу, психологиялық тепе-теңдікті ұстау қиынға соғады», - деді ол.

Әлиева атағандай, психоәлеуметтік қолдау балаларға күйзеліспен күресуге, өздерін қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуге және өз-өзіне сенімділікті дамытуға көмектеседі.

«Бірлескен сабақтар, арт-терапия, ойындар мен шығармашылық үйірмелер қалыпты өмір сезімін сыйлап, мотивацияны арттырады және сауығу процесінің табысты өтуіне ықпал етеді. Қазақстанда жыл сайын шамамен 500–600 балаға алғаш рет қатерлі ісік диагнозы қойылады. Олардың қатарында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар бар. Диагностика сапасының жақсаруы мен қоғамдағы ақпараттандыру деңгейінің артуына байланысты ауруларды анықтау көрсеткіші өсіп отыр. Ата-аналар түсініксіз шаршағыштыққа, бозаруға, жиі қан кетуге, лимфа түйіндерінің ұлғаюына, сүйек пен іштің ауырсынуына, себепсіз салмақ жоғалтуға назар аударуы тиіс. Ерте диагностика және маманға дер кезінде жүгіну емнің сәтті болу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.Бұл қате түсінік. Қазіргі медицина Қазақстанда да, әлемде де балалар онкологиясының көптеген түрін сәтті емдей алады. Ең бастысы – ерте диагностика, кешенді ем және отбасы мен қоғамның қолдауы ремиссияға және толық сауығуға мүмкіндік береді», - деді ол.